Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Мұқағали туындылары оқушылар шығармашылығына арқау болды

15.02.2016

Мұқағали туындылары оқушылар шығармашылығына арқау болды

    Алматы облысы Қарсай ауданының Алмалыбақ ауылындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясына 13-ақпан күні Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған мектеп оқушылары  жиналды. Онда «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған «Ең бірінші бақытым – Халқым менің» деп аталатын өнер және көркемсөз фестивалі мен «Мұқағали мұралары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.      

    Мұқағали мұрасынан және ақының құрметіне арналған шығармаларды ән, көркем сөз, театрландырылған қойылым, би, көркем және фотосурет жанларында көрсетіп, түрлі қолөнер бұйымдарына айналдырудан  жекелей, топтық, оркестрлік, ансамбльдік пішінде өнер сайыстырған жастардың өнерін бағалауға әртүрлі саланың көрнекті өкілдері шақырылған екен. Фестивальдің ашылу рәсімінде еңбектері бағаланып түрлі марапатқа ие болған ұстаздар, тәрбиешілер, кітапханашылар мадақталып, өз ісінің білгірі атанған білім, ғылым, өнер салаларының қайраткерлері өнегелі естеліктер айтты.  

    Мәселен, «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің» президенті, БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі комитетінің Қазақстан мен Орталық Азиядағы өкілдігінің жетекшісі, генерал-майор Әбен Нұрманов қызметіне қарамастан, арасында уақыт тауып балабақша мен мектептерге  жиі баруға тырысатынын айтты. «Қазақтың жері таланттарға бай. Менің ондағы басты мақсатым олардың көзін ашып, қабілеті мен дарынын жарқыратып көрсетуге үлес қосу. Сондықтан да «Таланттар» академиясын аштым. Өнерге қызықпайтын, оны үйренуге талаптанбайтын адамнан ешқашан мықты маман, білгір ғалым, жасампаз өнертапқыш  шықпайды»,   – дейді  Ә.Нұрманов. Ал әнші, композитор, продюсер Марат Омаров өнерлі адамның алмайтын асуы, шықпайтын шыңы болмайтынын жеткізіп, әлемнің есігі тек өнерлі адамға ғана ашық екенін айтты. Сондай-ақ гимназия сахнасында өзі де өнер көрсетіп, білім мен өнерді қатар алып келе жатқан жас таланттардың қабілеті мен дарынын жоғары бағалады.

       Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті