Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда республикалық этномәдени бірлестік басшыларының кеңесі өтті

15.02.2016

Алматыда республикалық этномәдени бірлестік басшыларының кеңесі өтті

     Алматыдағы Достық үйінде 15-ақпанда республикалық этномәдени бірлестіктер басшыларының кеңесі өтті. Оған Қазақстан халқы ассамблеясының (ҚХА) Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, ҚХА Төрағасының орынбасары Любовь Ни, Дүниежүзі қазақтары қауымдастғының бірінші орынбасары Талғат Мамашев, ҚХА Кеңесінің мүшелері және республикалық этномәдени бірлестіктер басшылары қатысты.

    Кеңес барысында «ҚХА-ның этномәдени бірлестіктердің жалпымемлекеттік бағдарламаларды шешуге қатысуын қамтамасыз ету бойынша арнайы бағдарламасын» іске асыру, 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу, сондай-ақ кезектен тыс өткізілетін ҚР Парламенті мәжілісіне сайлауда ҚХА-дан сайланатын депутаттарды сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері қаралды.

     Қазақстан халқы ассамблеясы 1995 жылғы 1-наурызда ҚР Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультатитвті-кеңесші орган. Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі этностық топ өкілдері мүдделерін жоғары заң шығару органында – ел Парламентінде білдіру болып табылады. Конституцияға 2007 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған Парламент Мәжілісінің 9 депутаты, елдегі барлық этностардың мүддесін білдіреді. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті