Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | 17 жасар қазақстандық композитор Германияда жеке концертін берді

16.02.2016

17 жасар қазақстандық композитор Германияда жеке концертін берді

  
       Дүйсенбі күні немістің Мюнстер қаласында өтіп жатқан «Klang Zeit Münster» халықаралық замаауи классикалық музыка фестивалі ауқымында 17 жасар қазақстандық композитор және пианист Рахат-би Әбдісағиннің жеке концерті болды.

       Әлемге танымал фестиваль тарихында тұңғыш рет Қазақстан өкілі өнер көрсетіп, «Painting in sounds» («Дыбыстардағы сурет») атты өз шығармасын орындады.

      Фестиваль аясында қазақстандық жас таланттың композициясы осы заманғы Мияко Кубо, Джеффри Чинг, Гюнтер Бекер сияқты танымал композиторлардың шығармаларымен қатар шырқалды.

      Классикалық музыканың халықаралық сыншылары және неміс көрермендері Р,Әбдісағиннің шығармасына және музыкалық композицияның орындалуына жоғары баға беріп, қазақстандық классикалық музыка мектебінің өкілдерінің шеберлігін атап өтті.

       Еске сала кетейік, Мюнстерде Германияның федералдық және жергілікті өкіметтерінің қолдауымен «Klang Zeit Münster» тоғызыншы классикалық музыка фестивалі өтуде. Шараның басты мақсаты классикалық музыканың осы заманғы композиторларының шығармаларын әлем жұртшылығына  кеңінен тарату болды.

         http://www.inform.kz/kaz/article/2871223

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті