Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Мəскеудегі мерей

17.02.2016

Мəскеудегі мерей

Afisha_DZ1

              Өткен дүйсенбіде Мәскеудің Ұлттар Үйінде ХХ ғасырдың Гомері атанған қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш болып өтті. Бұл кешті Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшілігінің және Ұлттар Үйінің қолдауымен Қазақ жастарының одағы ұйымдастырды. Мәскеудің әдеби қоғамдастықтарының, жоғары оқу орындарының, қазақ диаспорасы қоғамдық ұйымдарының өкілдері, қазақстандық студенттер кешке молынан жиналды.

       Ресей Әдеби Палатасы атқару комитетінің төрағасы Георгий Брегман өзінің құттықтау сөзінде Жамбыл Жабаевтың екі заманда өмір сүріп үлгергенін атап көрсетті. «Оның шығармашылығын екі кезеңге бөлуге болады. Революцияға дейін оның өлең-жырлары негізінен эпостық бағытта болып, халық өміріне арналды. Ал төңкерістен кейін ол советтік өмірді шыншылдықпен жырлады. Мұның өзі сол кездегі советтік поэзиядан түбірінен өзгеше болып келді. Менің пайымдауымша, Жамбыл поэзиясы сол кездегі біртұтас Кеңес Одағындағы Қазақстан мен Ресейді мәңгілікке біріктірді. Оның шынайылығы әр­бір шығармасынан айқын көрінеді», – деді Г.Брегман.

    Бұдан кейін сөз алған Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі Дина Аманжолова ұлы ақынның ерекше миссиясына тоқталып, онсыз қазақ мәдениетін көзге елестету мүмкін еместігін айтты.

      – Өз өмірінде көпті көрген абыз ретіндегі Жамбыл Жабаевтың ұлылығы сонда, ол өз халқы алдындағы ақындық жауапкершілігін терең түсіне алды. Біз қазақтар үшін сөз өнерінің, сөз мәдениетінің төтенше маңыздылығын білеміз. Ұлы ақын осы орайдағы миссиясын да тамаша атқарды. Сондай-ақ, біз Жамбыл шығармаларын орыс тілді тыңдарманға ұғынықты жеткізе білген бесаспап тәржімашы Кузнецовтың да керемет еңбегін бағалауымыз керек, – деген Д.Аман­жолованың сөзін қауым жақсы қабылдады.

      Жамбылдың өз өлең-жырларында, толғау­ларында қазақ халқының өмірі туралы шыншыл да көркем өрнектер жасағаны, сазды импровизация – суырып салмалықтың саңлақ хас шебері болғаны белгілі. Ақын батырлар туралы қаһармандық дастандар толғады. Ұлы Отан соғысы жылдарында Жамбылдың жалынды жырлары жауынгерлерді ерлікке жігерлендірді, оның өлеңдерін жатқа айтты. Ғасыр жасаған жырау жасампаз ерлікті асқақтатты, күйкі пендешілікті жыр жолдарымен жерледі.

      Кешке қазақстандық жастардың шығар­машылық ұжымдары көрік қосты. Жиналған қауым Жамбылдың домбырада орындалған музыкалық шығармаларын, ғажап жырларын тыңдады. Олар сондай-ақ, жыр алыбының Алматыда, Алатау бөктерінде тұратын ұрпақ­тарының бейнежолдауын тамашалап көрді.

     Назар ҚАСЫМ.

        http://egemen.kz/2016/02/17/24515

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті