Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Ұлы дала жыршысы

18.02.2016

Ұлы дала жыршысы

    Алматыда 24-ақпанда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында «Ұлы дала жыршысы» атты халықаралық ғылыми симпозиум өтеді. Ол қазақ ауыз әдебиетінің алыбы, жыр дүлділі, сурыпсалма ақындықтың хас шебері Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналып отыр. Бұл шараны  М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктері бірлесіп ұйымдастырып отыр.

        Симпозиумның ашылу рәсіміне ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстан Жазушылар одаығ басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек  құрметті қонақ ретінде шақырылуда. Онда  АҚШ, Грузия, Қырғызстан, Түркия сияқты шет мемлекеттердің және қазақстандық Мырзатай Жолдасбеков, Құлбек Ергөбек, Бекен Ыбырайым, Серік Негимов, Гүлнар Әбікеева, Бақытжан Әзібаева Жамбыл шығармашылығын әр қырынан қарастырған баяндама жасайды деп жоспарланып отыр. Мәселен, халықаралық түрік академиясының профессоры М.Жолдасбеков «Жамбыл және айтыс өнері: көркемдігі мен тарихилығы»,  Тұран университетінің профессоры Г.Әбікеева «Жамбылдың кинодағы бейнесі», Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Б.Ыбырайым «Жамбыл және 1920-1930 жылдардағы қазақ поэзиясы», Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры С.Негимов «Импровизациялық және шешендік өнерді жалғастырушы» деген тақырып ұсынған.

           Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті