Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Министрлік сарапшысы шеттегі қандастардың ұсынысын жекізді

19.02.2016

Министрлік сарапшысы шеттегі қандастардың ұсынысын жекізді

         Қазақстанда қатарынан оныншы жыл өтіп жатқан «Бір ел-бір кітап» халықтық акциясы шеттегі қазақтарды да қызықтырып отыр. Жыл басындағы кітап таңдау науқанына алыста жатқан ағайын да өз ұсыныстарын жіберген деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

      Бүгін Астанадағы Ұлттық кітапханада акцияға кітап таңдау жиыны өткен. Алыстағы қандастардың сәлемін сол басқосуға келген Мәдениет және спорт министрлігінің бас сарапшысы, акцияның ұйымдастыру комитетінің мүшесі Серғазы Таукелов жеткізді. 
     Серғазы Белгібайұлының айтуынша, министрлікке шетелдегі қандастардан көп хат келеді. Кейде Президенттің атына жазған хаттар да осы ведомствоның қарауына жіберіледі. Солардың арасында биылғы «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында таңдалатын кітап туралы да олар өз ұсыныстарын айтыпты. 
     Мәслен, Өзбекстанның Ташкент облысы, Зеңгі ата ауданы, Дархан ауылынан Досахмет Әбет деген қандасымыз хат жазған. Өзі Ташкент Мемлекеттік аграрлық университеттің жанындағы ғылыми кеңес төрағасының орынбасары, профессор, доктор екен. Ол кісі акция аясында заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың«Абай жолы» шығармасын оқуды ұсынады. Себебі, көрші Ресейде де орыстың әйгілі жазушысы Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романын жаппай оқығанын мысалға келтіріпті. 
Ағайындардың осындай пікірін ескерсек деген С.Таукелов, өзінің басшылықпен де ақылдасқанын, соған орай «Абай жолы» эпопеясын жыл кітабы ретінде оқуға ұсынатынын айтты. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті