Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Республикалық «Ы. Алтынсарин-2015» пәндік олимпиадасы өтеді

22.02.2016

Республикалық «Ы. Алтынсарин-2015» пәндік олимпиадасы өтеді

    Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 27- ақпанда «Ы. Алтынсарин-2015» пәндік олимпиадасын өткізгелі отыр. Дәстүрлі бұл шара республикалық деңгейде еліміздің мектеп бітірушілері арасында қабілетті, дарынды оқушыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

      Олимпиада мектеп бітірушілер үшін ҰБТ-нің сегіз пәні бойынша өтіледі: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, физика, биология, география, дүниежүзі тарихы, химия.  

  Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері:

 -  Орта білім беретін оқу-тәрбие ұйымдарындағы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және ғылыми жұмысқа деген қызығушылығын ояту;

-    Қабілетті, дарынды оқушыларды айқындап іріктеу және көрсетуге жағдай жасау;

-    Жастар арасында іргелі ғылыми білімді дамыту және тарату;

-    Дарынды жастардың өз қабілеттерін жүзеге асыруына көмектесу;

-    Мектеп бітірушілеріне мамандық таңдауға көмектесу, дарынды талапкер қыздарды Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне шақыру.

       Олимпиада облыстық білім Басқармаларымен, аудандық білім бөлімдерімен бірлесе отырып белгіленген аймақтарда өткізіледі.

            Олимпиада І тур бойынша 2 кезеңде өткізіледі.

      1-кезең -  Олимпиада белгіленген аймақтарда Алматы облысы бойынша Алматы, Талдықорған, Жаркент қалалары, Кеген ауылдық округі, Жамбыл облысы бойынша Тараз қаласы мен Қордай ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысында (Шымкент, Түркістан қалаларында), Қызылорда облысы бойынша Қызылорда қаласы, Қазалы, Жаңақорған, Қармақшы аудандарында, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Семей, Өскемен қалаларында, Қарағанды облысы бойынша Қарағанды қаласында, Батыс Қазақстан облысы бойынша Атырау, Орал қалаларында 2015 жылдың 27 ақпанында өткізіледі.

      2-кезең – 2015 жылдың наурыз айында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау. Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі өткізіледі. Жеңімпаз оқушылармен бірге пән мұғалімдерінің сапалы білім берудегі зор еңбегі, сонымен қатар аймақтарда олимпиаданың өтуіне жағдай жасаған аудандық білім бөлімдерінің, облыстық білім басқармалары қызметкерлерінің атқарған жұмыстары еркеше аталып, ректордың алғыс хаты тапсырылады.

     Олимпиадаға қатысуға тілек білдірген оқушылар бекітілген форма бойынша тіркеледі. Сонымен қатар, оқушылардың ҚазМемҚызПУ ресми сайтына онлайн режиминде тіркелуге мүмкіншіліктері болады.

-  Олимпиада жұмысын орындағаны үшін максималды балл – 100 балл.

-  Жеңімпаздар және жүлдегерлер облыс және пән бойынша Олимпиада жұмысын орындағаны үшін жоғары балл алғанына байланысты анықталады.

-  Жұмыс иелерінің аты-жөні шифрланды. Жұмыс аты-жөнсіз тексеріледі. Әдістемелік комиссияға жұмыстар шифрланған күйінде өткізіліп ол тек жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталғаннан кейін аты-жөні шифрдан шығарылып, белгілі болады.

-   Әрбір жұмыс үшін жеке балл қойылады.

-  Олимпиаданың әр пәні бойынша жеңімпаздар болып, ең үздік көрсеткіш көрсеткен және І дәрежелі диплом алған оқушылар саналады.

     ҚазМемҚызПУ-ға оқуға түсу барысында Олимпиаданың әр пәнінен 1, 2, 3 орынды иеленген оқушы таңдаған пәні мамандығына сай келген және ҰБТ-ға қажетті өту балын алған жағдайда шәкіртақысыз университет РЕКТОРЫНЫҢ ГРАНТЫМЕН марапатталады.

      Олимпиаданың деңгейінен өткендер ҚазМемҚызПУ-нің оқу төлемақысына 10% жеңілдікке құқық беретін сертификаттармен марапатталады.

          Толық ақпаратты келесі мекен-жайдан алуға болады:

     Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Кәсіптік бағдар және карьера бөлімі, 218 каб., (Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі 99, Сейфуллин даңғылының қиылысы), байланыс тел.: 8(727) 233-19-50, сайты www.kazmkpu.kz

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті