Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Мақсат Байлының «Илиада: Түркологиялық пайым» кітабының тұсаукесері өтеді

22.02.2016

Мақсат Байлының «Илиада: Түркологиялық пайым» кітабының тұсаукесері өтеді

   Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында 23-ақпанда түріктанушы, тарихшы, тілші және өнертанушы ғалым Мақсат Байлының «Илиада: Түркологиялық пайым» («Илиада глазами тюрколога») атты ғылыми-көпшілік кітабының тұсаукесері өтеді.        

       Ұсынылып отырған монографияның негізгі тақырыбы – атақты Гомердің «Илиадасын» бұрын-соңды болмаған түркітану тұрғысынан тарихи-салыстырмалы талдау болып табылады. Кітап эпостану ғылымына көп тың деректермен бірге үлкен жаңалық ашатын ірі саланың бастамасы екені айқын. Ең ғажабы, бұрыннан Илиаданы зерттеген шетелдік ғалымдардың көптеген шешімін таппаған түйткіл проблемаларына – қазақтың ауызекі фольклоры мен жырлары, түркі халықтарының эпосы толық әрі жан-жақты жауап беретінін автор нақты мысалдармен тиянақты дәлелдеп берді.

   Тұсаукесерге отандық әдебиеттанушы, тілші, тарихшы ғалымдар, жазушы, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, докторант, магистрант және студенттер шақырылып отыр. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті