Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Мемлекеттік хатшы Дүниежүзі қаазқтары қауымдастығы ұжымымен кездесті

24.02.2016

Мемлекеттік хатшы Дүниежүзі қаазқтары қауымдастығы ұжымымен кездесті

   Алматыда 24-ақпан күні Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ұжымымен кездесті. Онда Алдағы жылы құрылғанына ширек ғасыр толғалы отырған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өзге қоғамдық ұйымдардан мақсаты мен  міндеттері  бөлек екені айтылды.    

   Алдымен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ғимаратын аралап шыққан Г.Наушақызы қауымдастық қызметкерлерінің жұмыс орнын көрді. Одан кейін мәжіліс залында ұжым мүшелерімен танысып, қауымдастықтың қазіргі хал-жағдайынан хабардар болды. Онда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев қауымдастықтың жұмыс жоспарын таныстырып, шетелдегі қазақ диаспорасының өзекті мәселелерін баяндап берді. Айтылған ұсыныстар мен пікірлерді мұқият тыңдап, жазып алған Мемлекеттік хатшы өзімен бірге ертіп келген ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедьяров пен  ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Аслан Қаржаубаевқа нақты тапсырмалар берді.    

   «Кеше ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жиналыс өткізді. Ондағы талқыланған мәселелердің үлкен бір бөлімі көші-қонға қатысты болды. Сол жерде Елбасы «Көші-қон туралы» заңды әдейін  қабылдадық. Шетелден көшіп келем деген оралмандарға мүмкіншілік жасау керек. Әсіресе білім бар, жұмыс істеймін дегендерге. Әлемдік дағдарыс салдарынан енді елімізге Еуропадағы қазақтар да Қазақстанға көшіп келе бастауы мүмкін. Францияда болған кездесуде олар осындай ойларын айтты. Елбасы жиналыс кезінде отандастарды қолдаудың үлгісі ретінде ретінде бірнеше рет Ресейден мысал келтірді», – деді  Г.Әбдіқалықова. Сондай-ақ Талғат Асылұлының шетелдегі қазақ диаспорасының нақты санына қатысты зерттеу жүргізу мәселесін қарастыру және қазақ диаспорасы арасында Қазақстанның көші-қон саясатын түсіндіру жұмыстарын жандандыру жөніндегі ұсыныстарына қолдау көрсетуге уәде берді.   

      Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті