Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Алтын адамның» түркі халықтарына еш қатысы жоқ

24.02.2016

«Алтын адамның» түркі халықтарына еш қатысы жоқ

     Қазақ жерінен  табылған «Алтын адамдардың» саны бүгінгі таңда 10-нан асты. Бұл Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында 23-ақпанда  өткен Қырғызстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Мелодия» фирмасының дыбыс режиссері Мақсат Байлының «Илиада: Түркологиялық пайым» («Илиада глазами тюрколога») атты кітабының тұсаукесері кезінде айтылды.      

   «Тарихқа байланысты алдымызда тұрған ең үлкен шешілмей келе жатқан мәселелерге осы кітап өзінің жауабын беріп тұрғандай. Қандай мәселе? Мәселен, біз «Алтын адамды» мемлекеттік символға айналдырдық. Ал ресми ғылымды алсақ «Алтын адамның» түркі халықтарына еш қатысы жоқ. Біздің ғалымдарымыз оны әлі дәлелдей алмай, зерттей алмай жүр өкінішке қарай. «Алтын адамның» өзі дүниежүзінде жоқ бір феномен ғой.  Тутанхамон екінші дейді құндылығы бойынша оны. Қазақстанда қазір 1 емес, 10-нан астам «Алтын адам» табылды. Берелде тіпті 3-4 мың жылдық таза қан табылды. Дүниежүзінің микробиологтары бірден жетіп келді. Зерттеді де үндемей қайтып кетті. Өйткені қан бойынша да, дәстүр бойынша да олар біздің ата-бабалармыз», – дейді филология ғылымдарының докторы Ерден Қажыбек. Оның айтуынша, Мақсат Байлының «Илиада: Түркологиялық пайым» («Илиада глазами тюрколога») атты кітабы біздің үлкен мәдениетке  қатысымыз барының үлкен дәлелі. Мәселен, Кипрдің көне аты – Алаш. Онда бір халық келіп, бөтен тілде сөйлеп, мыс өндіріп дүниежүзіне сатқан және өздерін Алаш деп атаған көрінеді.   

      Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті