Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматылықтар Фаризаны сағынып қалыпты

24.02.2016

Алматылықтар Фаризаны сағынып қалыпты

     Алматыдағы Ғылым ордасында 23-ақпан күні «Фариза, Фаризажан, Фаризақыз» атты еске алу кеші өтті. Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсыноваға  арналған бұл шараны Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері, Ғылым ордасының қызметкері Ғайникен Бибатырова ұйымдастырған болатын.      

    Халық ақын қызын сағынып қалыпты. Қала тұрғындары мен қонақтары Ғылым ордасының концерт залын кештің басталуына жарты сағат қалғанда-ақ лық толтырып, есіктер жабылып қалды. Орын жетпей далада қалып қойғандардың қарасы кеш басталған кезде іштегілерден кем болмады.      

    Фаризаның сыршыл өлеңдеріне жазылған әсем әндерді сахна төрінде Мақпал Жүнісова, Сұлушаш Нұрмағамбетова, Нұрлан Өнербаев, Сүлеймен Ибрагимов, Гүлмира Ақүрпекова, Елена Әбдіхалықова, Жұбаныш Жексен, Айгүл Мақашова, Роза Әлқожа, Ақмарал Машимбаева сияқты  өнер шеберлері тамылжыта орындаған кезде көрермен ықыласпен қол соғып отырды. Кештің ажарын «Сазген сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблі мен Айгүл Үлкенбаева орындаған күміс күйдің күмбірі мен Гүлжамал Қазақбаева, Әсел Мәмбетова және Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері нақышына келтіре оқыған  жырлар одан ары аша түсті. Екі сағатқа созылған бұл шараның қалай өткенін, «10 мың теңге билет алып баратын концерттерден  бұл кеш артық болмаса еш кем болған жоқ» деп бір-бірімен әсерін бөлісіп, қимай  тарқасып  жатқан  көрерменнің сөздерінен аңғаруға болады.

     Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті