Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Бүгін Кәукен Кенжетаевтың дүниеге келгеніне 100 жыл

25.02.2016

Бүгін Кәукен Кенжетаевтың дүниеге келгеніне 100 жыл

 
        Бүгін әнші, Қазақстанның халық әртісі  Кәукен Кенжетаевтың дүниеге келгеніне 100 жыл толды.

    1916 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Мәскеу консерваториясы жанындағы қазақ студиясын, Алматы консерваториясын бітірген.

     1942-1946 жылдары аралығында Хабаровскідегі шекарашылар ансамблінде қызмет етті. 1946 жылдан Қазақ опера және балет театрының әншісі. Ол Тарғын, Жалбыр, Бекежан, Семен (Е.Г.Брусиловскийдің «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Қыз Жібек», «Дударайында»), Жанбота (М.Төлебаевтың «Біржан-Сарасында»), Эскамильо (Ж.Бизенің «Карменінде»), Демон (А.Г.Рубинштейннің «Демонында»), Амонастро (Дж.Вердидің «Аидасында»), т.б. партиялары оның әншілік, орындаушылық талантын әр қырынан ашқан образдар болды. Ол 1957 жылдан бастап кинофильмдерге түсіп, режиссер («Жерге қайта оралуда»), әнші-әртіс («Біздің сүйікті дәрігерде»), Бауыржан Момышұлы («Ел басына күн тусада»), Қазанғап («Боранды бекетте»), Базарбай («Қыз Жібекте»), тағы басқа рөлдерімен көрермен ықыласына бөленген. Кенжетаев режиссер ретінде Брусиловскийдің «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Қыз Жібек», «Амангелді», С.Мұхамеджановтың «Айсұлу», Е.Рахмадиевтің «Алпамыс», П.И.Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі», т.б. операларын қойды. Сонымен қатар «Алдар Көсенің айласы», «Қалқаман - Мамыр», «Сапар», «Баян жүрек», «Құсни - Хорлан», т.б. опреалар либреттоларының авторы. «Сильва», «Тыныш шаңырақ», «Фигароның үйленуі» опреаларының либреттоларын қазақ тіліне аударған. «Дархан дарын», «Мәжит Бегалин», «Высокий дар призвания» атты кітаптары жарық көрген. Оның репертуарында қазақтың халық әндерімен қатар орыс, укран, татар, өзбек халықтарының халық әндері, сондай-ақ, Батыс Еуропа композиторларының шығармалары бар. Ол гастрольдік сапармен КСРО-ның қалаларында және көптеген шетелдерде болған. 2008 жылы қайтыс болған. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.

     29 ақпан күні Павлодарда Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы-драма театрында Кәукен Кенжетаевтың 100 жылдығына арналған «Қазақ өнерінің хас таланты» атты еске алу кеші өткізіледі.

    http://www.inform.kz/kaz/article/2874561

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті