Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Әйгілі фин ағаш үйлері Қазақстанға тікелей жеткізіле ме?

25.02.2016

Әйгілі фин ағаш үйлері Қазақстанға тікелей жеткізіле ме?

       Статистикалық деректерге қарағанда, елімізде тіркеуде тұрған 75 фин компаниясының бәрі шағын бизнес саласында екен. Оның бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрғаны – 45. Алайда оның бәрі бірдей Қазақстанмен тікелей жұмыс жасап жатқан жоқ. Соның бірі жарты ғасырлық тарихы бар NONKA концернінің Ресейдегі компаниясының өкілдігі. Бүгін Алматыда олар арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, бизнестерінің табысты жүріп жатқанын мәлімдеді.

    NONKA-ның Ресейдігі «РОССА РАКЕННЕ СПб» компаниясы 1995 жылы ашылған болатын. Капиталы 100 пайыз ресейлік болып саналатын бұл компания NONKA-ның Ресей нарығындағы эксклюзивті дистрибьютері саналады. Ағаш үй салу қызметтерінің толық жиынтығын ұсынатын бұл концерннің өндірген өнімінің 25 пайызы бүгінде Ресей нарығының үлесіне тиеді екен. 20 жылдың ішінде 6 млрд рублдің үйін сатқан «РОССА РАКЕННЕ СПб» компаниясы 2015 жылы  Алматыдағы өз өкілдігін ашқан болатын.

      Жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінде финдердің 3 мыңнан астам ағаш үйі  салынады екен. Финдердің ағаш үйлері Қазақстанда алғаш рет 1990 жылдары тұрғызыла бастаған болатын. Алайда қазақ-фин бірлескен компаниясының жоқтығынан фин ағаш үйлерінің Қазақстанның тұрғын үй құрылыс нарығындағы үлесі айтарлықтай деңгейге жете алмады. Енді осы олқылықтың орнын оның «РОССА РАКЕННЕ СПб» компаниясы толықтырмақ. Қазақстандағы өкілдіктің директоры Альфия Бекмансурованың айтуынша, әрбір шаршы метрінің құны 900 мың теңгеге дейін жететін мұндай ағаш үйдің сатып алуға тек дәулетті адамдардың ғана шамасы жетеді. Өкінішке орай фин қарағайларынан Финляндияда ғана жасалатын  бұл ағаш үйлер Қазақстанға тікелей емес, «РОССА РАКЕННЕ СПб» компаниясы арқылы жеткізіледі.

     Ерлік Ержанұлы 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті