Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қанат Ислам, Бейбіт Шүменов, Геннадий Головкин Рио олимпиадасына қатысуы мүмкін

25.02.2016

Қанат Ислам, Бейбіт Шүменов, Геннадий Головкин Рио олимпиадасына қатысуы мүмкін

Головкин, Шүменов және Қанат Ислам Рио олимпиадасына қатысуы мүмкін

       Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) кәсіпқой боксшыларға Олимпиада ойындарына қатысуға рұқсат берді деп жазады ESPN-ге сілтеме жасап Skifnews.kz. 

      AIBA президенті Чинг Куо Вудың айтуынша, әлемнің үздік кәсіпқой боксшылары жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, өз бақтарын сынай алады. Мұндай шешім ұйымның Манчестерде кеше өткен жиынында қабылданған.
      Енді Олимпиада медалін жеңіп алғысы келген кез-келген кәсіпқой боксшы биыл Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтетін XXXI жазғы Олимпиада ойындарына қатыса алады. Алдағы бірнеше айда Чинг Куо Ву бұл жолдағы кедергілердің бәріналып тастауға уәде берді.
     Айта кетейік, 2013 жылы AIBA кәсіпқой бокста 15 жекпе-жектен кем өткізген және APB ұйымымен келісімшартқа отырған боксшылардың Олимпиада ойындарына қатысуына рұқсат берген болатын.

      Демек, қазақстандық Геннадий Головкин мен Бейбіт Шүменовке және Қанат Исламға да Олимпиада "алтынын" еншілеуге қайта мүмкіндік туып отыр. Алайда, қос боксшымыздың әуесқой бокс рингіне қайта оралу мәселесі уақыт еншісіндегі сұрақ.

      Естеріңізге салайық, кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы, WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Геннадий Головкин 2004 жылы Афины қаласында өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Сондай-ақ, Бейбіт Шүменов те осы жарысқа қатысып, жарты жолда жеңіліп қалған болатын. Ал, Қанат Ислам 2008 жылы Қытай атынан Пекин олимпиадасына қатысып, қола медаль иегері атанды.
       Дереккөз: Nur.kz

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті