Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Жарқын болашақ» KATEV» қазақ тілі олимпиадасы өтеді

26.02.2016

«Жарқын болашақ» KATEV» қазақ тілі олимпиадасы өтеді

       Алматыда 26-ақпан күні «Жарқын болашақ» KATEV» қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңі өтеді. Бұл шара  «Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейінде» болады. Алматы қаласынан 5 бағыт бойынша 150-ге жуық оқушы қатысады. Жеңімпаздар Республикалық кезеңге жолдама алады. 

        «Жарқын болашақ» олимпиадасының мақсаты:

- мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
- қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау;
- оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.

       «Жарқын болашақ» олимпиадасының негізгі міндеттері:

- оқушылардың қазақ халқының тіліне, әдебиетіне, салт-дәстүрлеріне, тарихына және мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру және оларды үйреніп білуге ынталандыру;

- тұлғаның өз-өзін дамытуына және өзіндік қабілеттерін жетілдіруіне жағдай жасау;
         «Жарқын болашақ» олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу тәртібі
«Жарқын болашақ» олимпиадасына оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың 7-11 сынып оқушылары қатыса алады.
       «Жарқын болашақ» олимпиадасы 5 конкурсты қамтиды: «Тілші-әдебиетшілер» (қазақ тіл білімі мен әдебиеті), «Жас ғалымдар» (ғылыми жоба), «Жазушылар» (жазбаша шығармашылық жұмыс), «Сөз шеберлері» (мәнерлеп оқу), «Әнші-бұлбұлдар» (ән айту). (5 конкурстың ережелері №3 қосымшада берілген)

1. «Жарқын болашақ» олимпиадасы үш кезеңнен тұрады:
1-кезең аудандық кезең.

2-кезең облыстық,қалалық кезең.
3-кезең республикалық кезең (финал) екі орталықта Алматы және Атырау қалаларында өтеді. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті