Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда Өмірбек Жолдасбековтың 85 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтеді

29.02.2016

Алматыда Өмірбек Жолдасбековтың 85 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтеді

    Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 1-наурыз күні техника ғылымдарының докторы, профессор, механик-ғалым, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, көрнекті мемлекет, саяси және қоғам қайраткері, ҚР жоғары білімі мен ғылымының бас ұйымдастырушысы, Қазақ КСР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтың туғанына 85 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтеді.

       Іс-шара барысында Ө. Жолдасбеков ескерткішіне гүл шоқтарын қойылып, механика-математика факультетінде ресми жиын өткізіліп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің залына Ө.Жолдасбеков атын беру және Өмірбек Арысланұлы атындағы шәкіртақыларды табыстау рәсімі өтеді. Құрметті меймандар қатарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтанов, ҚР Ғылым  акдемиясының президенті М.Жұрынов, ҚР ҰҒА академигі К.Нәрібаев, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-химиялық  ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, ҚР ҰҒА академигі М.Молдабеков, Ө.Жолдасбеков атындағы механика және машина институтының бас директоры С.Жолдасбеков, ҚР ҰҒА академигі Ж.Байгунчеков, ҚР ҰҒА ЖМ академигі Г.Уалиев, Еуразия гуманитарлық институтының ректоры А.Құсайынов, «Дарын» РҒПО директоры Г.Қирабаева  және т.б.қатысады.

      Қазақстанның жоғары білімін дамытудың іргетасын қалаған Ө.Жолдасбеков есімі Қазақстан үшін жаңа ғылыми бағыттармен, жаңа бағыттағы мамандар даярлаумен, жаңа зертханалар мен ғылыми орталықтардың, кафедралардың, Қазақстанның Ұлттық Инженерлік академиясының құрылуымен байланысты. Оның тұсында Қазақстанда студенттердің символына және әлемдік қауымдастықтағы қазақстандағы білім мен ғылымның көрсеткішіне айналған ҚазҰУ қалашығының негізін қаланып, салынған болатын.

       1970 жылы Өмірбек Арысланұлы 39 жасында С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің, ең үлкен әрі ең көне жоғары оқу орнының ректоры болып тағайындалды. Ол университетті басқарған жылдары оқу орны КСРО-да үздіктер қатарына қосылып, ЖОО әлемдік қауымдастығында таныла бастады. Ғұлама ғалым өзінің өмірлік жолын машиналар мен механизмдердің ғылыми теориясын зерттеуге арнады. Нәтижесінде бүгінде өндірістің әртүрлі салаларында пайдаланылатын тиімділігі жоғары жаңа көтергіш және тиеу құрылғылары мен роботтар пайда болды.

      Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков (М.В.Ломоносов атындағы университетті 1954 жылы бітірген) дүние жүзіндегі белгілі ғалымдар мойындаған машиналар мен механизмдер теориясының басшысы, академик И. И. Артоболевскийдің шәкірті болған. Олардың бірге ғылыми зерттеу жұмысымен айналысуы алғашқы жылдардан-ақ жемісті болған. Олар күрделі машиналар мен механизмдердің үлгілерін және әдістемелік негіздерін жасауда көптеген үздік нәтижелерге қол жеткізген. Оның еңбектері мен ғылыми жұмыстары академик К.С. Колесников, А.Ю. Ишлинский, В.Е. Патон және басқа да белді ғалымдар тарапынан жоғары бағаға ие болған. Ө.Жолдасбеков 30 оқулық пен оқу құралдарын, 400 ғылыми жұмыс пен 8 монография жазған. 120 авторлық куәләндыру мен шетелдік патенттердің авторы. Сонымен қатар, академик ғалымдардың арасында алғашқылардың бірі болып ғылыми терминологияны қазақ тіліне аударды. Ол болашақ математиктер мен инженерлерге көптеген ғылыми сөздердің мәні мен мағынасын түсінуге үлкен септігін тигізді.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті