Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Гансуден келген қазақ әкім

29.02.2016

Гансуден келген қазақ әкім

    Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында  25- ақпанда  Әлем әдебиеті орталығы мен Сауда және инвестиция палатасының  ұйымдастыруымен «Ұлы жібек жолындағы қоңырау үні» атты  халықаралық конференция болып өтті.

         Бұл конференцияға  Қытай елінің Гансу өлкесі Ақсай  ауданының әкімі Қалибек Сұлтанұлы мен Құрылтай төрағасы Сәмен Қабылұлы келіпті.

         Қ.Сұлтанұлы: «Шыңжанның Алтай жерінен ата-бабамыз 1938 жылы Гансуға қоныстанған екен. Осы өлкеде 10 000 –ға жуық халық тұрады, солардың 4000-ы қазақ, жер аумағы 38 мың кв шаршы метр, жан саны аз болғанмен байлығы мол. 2 қала, 11 қыстағы бар. Тіл, дін, салт-дәстүрімізді өте жақсы сақтап келеміз. Жібек жолын жаңғыртуға байланысты көптеген іс-шаралар өткізіліп жатыр. Соның бірі – екі ел достығын нығайту мақсатында Алматы қаласы әкімшілігімен және де басқа ұйымдармен бірлесіп, біраз шаралар ұйымдастырсақ деген мақсаттамыз. Қазақ күресін өткіздік, оған 12 елден қазақтар келіп қатынасты. Халықаралық ақындар айтысы да жоғары деңгейде өтті. Қазақстанның өнер шеберлерінің концерті өткен жылғы наурызда болды. «Қазақ Ақсай сыйлығын» тағайындап, жүлдегерлерге тапсырудамыз. Ауданымызда 2 қабат ұлттық мұражай салып бітірдік, үш жылға жуық уақытта мұражайды толықтырып келеміз. Ендігі Сіздерден сұрайтынымыз 1) достық қарым-қатынасты орнату, 2) талантты ақын, сазгерлерді  оқыту, 3) мұражайды толықтыру, 4) ҚР ЖОО-ы мен колледжге оқыту, 5) саяхатты дамыту, 6) цемент заводын сыртқа шығару», – деген ұсыныстарын айтты.

         Осыған орай, белгілі ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлері Ұлықбек Есдәулет,  Нұртілеу Иманғали, Исрайыл Сапарбай, Мамай Ахет, Мұхтархан Бияров, Құмарова Шарайна, Алмасбек Нұғман, Сейдолла Сәрсек «өнерде шекара жоқ, жақсы байланыстар орнап жатыр, газет, журналдарды халықаралық катологқа енгізсе, теледидар арқылы хабар таратсақ бүгінгі әңгіме халыққа тез жетеді, байланыс жасауға қолдау көрсетеміз» десе, Айтберген ұста мұражайға қол ұшын беруге әзір екендігі білдірді. Сөз кезегінде, мен Қауымдастық тарапынан ЖОО-ның дайындық бөлімдеріне  оқытуға, Балдәурен балаларды сауықтыру лагеріне квота беріп көмектесуге мүмкіндіктін барын жеткіздім.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті