Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алаш қозғалысының 100 жылдығы мен Тəуелсіздіктің 25 жылдығына орай байқау өтеді

29.02.2016

Алаш қозғалысының 100 жылдығы мен Тəуелсіздіктің 25 жылдығына орай байқау өтеді

217dada6e61b4fd20b87b1c24cc7e344  

       Алаш қозғалысының 100 жылдығы мен Ел тəуелсіздігінің 25 жылдығына орай, жастарды отансүйгіштікке, патриоттыққа баулу, олардың шығармашылығын шыңдау мақсатында «Жезбұйда» жастар қоғамдық бірлестігі мен «Ұлан» республикалық газетінің ұйымдастыруымен бəйге жарияланып отыр. Оған «Ер Жəнібек» халықаралық қоғамдық қоры қолдау білдіруде. Дəлірек айтсақ, балалар мен жасөспірімдер (12-18 жас) арасында проза мен поэзиядан халықаралық шығармашылық байқау жарияланады.

      Бəйгеге қазақ тілінде жазылған, бұрын жарияланбаған туындылар қабылданады. Əр автордан екі шығарма қабылданады. Біріншісі Алаш рухына, Отан, ел, жер тақырыбына арналуы міндетті. Екіншісі еркін тақырыпта. Шығарма көлемі: проза 5 беттен, поэзия 2 беттен аспауы шарт.

        Үміткерлердің шығармалары мен шағын өмірбаяны jezbuyda@gmail.com электронды поштасы арқылы қабылданады.

       Анықтама телефоны: 8707 533 4888.

      15 мамырға дейін шығарма қабылданып, 1 маусымда бəйге қорытындысы жарияланады.

    http://jezbuyda.kz/1375 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті