Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақстан Алғыс айту күнін тұңғыш рет атап өтуде

01.03.2016

Қазақстан Алғыс айту күнін тұңғыш рет атап өтуде

 
         Бүгін - Қазақстанда Алғыс айту күні.  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстанда Алғыс айту күні бекітілді.

         1995 жылдың 1 наурызында елімізде  Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды және 2015 жылы Ассамблеяның жиырма жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы бұл күнді халықтардың бір-біріне және қазақтарға көптеген халықтар елге күштеп қоныстандырылған кезде  төзімділік пен қонақжайлылық танытқаны үшін алғыс білдіре алатын күн деп жариялауды ұсынды.

     Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай ғұмыр кешуде. Қазақстан - азаматтық келісімді, түрлі мәдениеттер пен діндерді тоғыстырған көпұлтты, зайырлы мемлекет.

      Бұл күні Астанада көптеген шаралар ұйымдастыру көзделіп отыр. Ұлттық ұлан әскері қолбасшылығы  Алғыс айту күніне тақырыптық кеш өткізгелі отыр. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Мұражайға кітапты сыйға тарту» шарасы өтеді. «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында «Қазақфильм» студиясы шығарған «Анаға апарар жол» фильмінің премьерасы өтпек.

      Сондай-ақ осындай мәдени-бұқаралық шаралар еліміздің барлық облыстары мен түпкір-түпкірінде өтеді. 

       http://www.inform.kz/kaz/article/2876229

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті