Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда «16 қыз» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті

02.03.2016

Алматыда «16 қыз» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті

     Алматыда Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының туындысы «16 қыз» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті.

         Онда басты рөлдерді Берік Айтжанов, Аша Матай, Әнуар Нұрпейісов, Гүлжамал Қазақбаева, Жәния Джуринская сомдаған.

       «Фильм 2014 жылы Шәкен Аймановтың 100 жылдық мерейтойына арнап түсірілді. Түсірілім жұмыстары Баянауылда өтті. Басты кейіпкердің жұмыс істейтін мектебіне атақты кинорежиссердің аты берілген. Кинода қаланы аралап жүргенде Шәкеннің туғанына 100 жыл толуына орай билбордтар кездеседі», - деді продюсер Айдархан Әділбаев.

       Кино осы уақытқа дейін техникалық себептерге байланысты жарық көрмеді.

    Оқиға желісі немерелі болуды аңсаған Нұржан мен Сәлиманың үйінде өрбиді. Қазақтың ескі «белқұда»  салтымен баласы Бауыржанға бір танысының қызын алып бергісі келеді. Ол қыз болса өзінің сүйген жігіті бар. Ал Бауыржанның көңілі басқада.

       Қосылуды армандаған ғашықтар бірге болу үшін түрлі айла тәсілдерге көшеді.

        Айта кету керек, фильм Қазақстанның көркем жерлерінде Алматы, Талдықорған, Шарын шатқалында, Павлодар облысының Баянауыл ауданында түсірілді.

      Фильм саундтрегі «Дос-Мұқасан» тобының «16 қыз» әнін Қайрат Нұртас орындаған.

         http://www.inform.kz/kaz/article/2876885

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті