Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Театрда «Алмас қылыш» көрсетіледі

02.03.2016

Театрда «Алмас қылыш» көрсетіледі

     Алматыдағы Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында наурыз 4, 15 және 26-сы күндері Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына арналып, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Алмас қылыш» тарихи драмасы сахналады.

       Қойылымның режиссері – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Алма Кәкішева. Спектакльдің сахналық нұсқасының авторы – Әннәс Бағдат. Қоюшы-суретшісі – Мұрат Сапаров, ал композиторы – Шырын Базарқұлова.

       Қазақтың қабырғалы  жазушысы І.Есенберлиннің атақты «Алмас қылыш» романы желісімен қойылған спектакль Қазақ елінің іргетасы қалануын бейнелейді. Ондағы оқиғалар желісі XV ғасыр ортасында Дешті-Қыпшақ даласында орын алады. Әбілхайыр хандығындағы толассыз қантөгіс соғыстар, ішкі қырқыстар мен аяусыз езгіден халық ауыр күйзелісте.  Ал, хан өз тағын сақтап қалу үшін қол астындағыларды бір-біріне айдап салып отырады.  Осындай алмағайып кезеңде Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақ руларының басын қосып бөлек ел болмаққа бекінеді. Моғолстан ханы Есенбұғамен келісімге келіп, азаттық аңсаған қазақ руларын бастап батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударады. Спектакль жеке өз алдына хандық құру жолында небір тар жол, тайғақ кешуден өтіп, ұлы тарих көшінен өзінің лайықты орнын алған халқымыздың рух мықтылығын паш етеді. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті