Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Астана арландары» сырт алаңда «Баку файрстан» басым түсті

05.03.2016

«Астана арландары» сырт алаңда «Баку файрстан» басым түсті


04-03-2016-arlans 01

     
         Наурыздың 4-інде  Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) ел намысын қорғайтын «Астана арландары» Әзербайжан астанасы – Баку қаласында жергілікті «Баку файрс» командасымен кездесіп, 3:2 есебімен басым түсті. 

      Алғаш болып шаршы алаңға 52 кило салмақ дәрежесіндегі боксшылар көтерілді. «Арландар» сапынан Олжас Сәттібаев сынға түссе, қарсылас тарап Магомед Ибиевке сенім артты. Тартысты жекпе-жек нәтижесінде қазақстандық 3:0 есебімен жеңіске жетті.

     Олжастың жеңісті жолын 60 килода бақ сынаған отандасымыз Зәкір Сафиуллин жалғастырды. Ол шаршы алаңда Насраддин Мамедовтен 3:0 есебімен басым түскен болатын.

      Алайда, келесі жекпе-жекте, яғни, 69 килода әзербайжандар есе қайтара білді. Атап айтқанда, «Баку файрс» боксшысы Тамерлан Абдуллаев біздің Асланбек Шымбергеновті 2:0 есебімен жеңді. Жалпы, бұл айқастың аса тартысты өткенін атап өткен жөн. Нәтижесінде қапталдағы төрешілердің екеуі жеңісті әзербайжанға берсе, бір қазы тең есепті тіркеді.

    Келесі 81 кило салмақтағы жекпе-жекте жанкүйерлер шаршы алаң иесі Михаил Даухалявец пен қазақстандық Нұрдәулет Жармановтың айқасын тамашалады. Қарсыласына қарағанда басым болған қазақ боксшысы уақыт өткен сайын шабуылын күшейтті. Бұл қарқын өз жемісін беріп, төрешілер үшінші раундта Жармановтың пайдасына техникалық нокаутты тіркеді. Осылайша, Нұрдәулет «Арландарға» бұл кездесудегі жеңісті алып берді.

     Ал соңғы кездесуде аса ауыр салмақтағы (+91 кг) боксшылар жұдырықтасты. Бұл жолы «Баку файрстың» алыбы Арсланбек Махмудов біздің Нұржан Бекзатовтан айласын асырып кетті. Айтарлықтай қарсыласып баққан Нұржан соңғы – бесінші раундта нокдаунға түсті. Ауыр соққыдан кейін ол есін жиғанымен, төрешілер жекпе-жекті тоқтатып, әзербайжанның қолын көтерді.

    «Баку файрс» (Баку, Әзербайжан) – «Астана арландары» (Астана, Қазақстан) 2:3

52 кг: Магомед Ибиев  – Олжас Сәттібаев 0:3 (45:50, 44:50, 45:50)

60 кг: Насраддин Мамедов – Зәкір Сафиуллин 0:3 (45:49, 44:49, 45:49)

69 кг: Тамерлан Абдуллаев – Асланбек Шымбергенов 2:0 (47:47, 48:46, 48:46)

81 кг: Михаил Даухалявец – Нұрдәулет Жарманов TKO R3

+91 кг: Арсланбек Махмудов – Нұржан Бекзатов TKO R5

        Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz.

      Сурет: worldseriesboxing.com.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті