Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақстанда «Таға» ескерткіш монеталары айналымға шықты

05.03.2016

Қазақстанда «Таға» ескерткіш монеталары айналымға шықты

04-03-2016 moneta

 
              Ұлттық Банк 2016 жылғы 4 наурыздан бастап «Сиқырлы нышандар» монеталар сериясынан proof сапалы күмістен номиналы 100 теңгелік «Таға» ескерткіш күміс монетасын айналымға шығарды. 

      Монетаның бет жағының (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін Ag 925 31.1 g деген жазу бар. Жазуларды айналдыра ұлттық өрнек салынған, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ»,  ағылшын тілінде NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деп жазылған және моншақ тәріздес тізбек жүргізілген. Монетаның жоғарғы бөлігінде стильдендірілген тағаның ұшында Ұлттық Банктің логотипі және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан.

      Монетаның сырт жағында (реверсінде) алтын жалатылған таға бейнесі орнатылған, ортасында спираль орналасқан, оны айналдыра ағылшын тілінде FOR LUCK, мемлекеттік тілде «ІСКЕ СӘТ» және орыс тілінде «НА СЧАСТЬЕ» деген жазулар бар. Жоғарғы бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2016» деген сан берілген.

     Монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Қыры тегіс, бедерсіз және жазбаларсыз.

     Монета 925 сынамды күмістен дайындалған, массасы – 31,1 грамм, сипатталған дөңгелек диаметрі – 38,61 миллиметр,  дайындау сапасы – proof, ең көп таралымы – 6 мың дана.

     Номиналдық құны 100 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ, банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

       «Сиқырлы нышандар» монеталар сериясынан номиналы 100 теңгелік «Таға» ескерткіш күміс монеталары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, SKARBIEC KORONNY SA акционерлік қоғамы және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арасындағы монеталар шығару және сату туралы келісімге сәйкес дайындалды.

       Proof сапасымен жасалған ескерткіш күміс монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Ұлттық банктің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

        Талғат Сүйінбай.

         Дерек, сурет: Ұлттық Банктің баспасөз қызметі.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті