Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақтан шыққан тұңғыш әйел киномеханик биыл 80 жасқа толды

09.03.2016

Қазақтан шыққан тұңғыш әйел киномеханик биыл 80 жасқа толды

     Қазақтан шыққан тұңғыш әйел киномеханик Рәпия Халықова үшін биылғы 8 наурыз мерекесі ерекше болып тұр. Оның бірнеше себебі бар. Қазақстанды былай қойғанда, Орталық Азияда қыздар арасындағы киномеханика саласының алғашқы «қарлығашы» атанған ол биыл 80 жасқа келіп отыр. Осы мерейлі мерекеге орай жуырда «Рәпия» атты кітап жарық көрді, деп хабарлады 24.kz.

         Кітапта оның өмірі мен еңбек жолы жайлы жан-жақты мәліметтер жиналған. Рәпия Халықова ашаршылық кезінде дүниеге келіп, балалық шағы соғыс жылдарында өткен. Жастайынан қиыншылықты көп көрген кішкентай қыздың ол кездегі ең сүйікті ермегі кино болған екен.

        Рәпия Халықова, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері:
      - Біздің ауылымызға өгіз арбамен кино апарып қоятын. Сонда аппаратты мынадай жерге орналастырғанда, мен үстелдің астында отырып кино көретінмін. Содан, міне, кино әлеміне солай ендім.

     24.kz арнасына берген сұхбатында мерейтойы иесі Алматыға барып, киномехника мамандығын алмақ болғанында оны сол кездегі жауапты мамандар жақындатпай қойғанын айтты.

         Рәпия Халықова, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері:
     - «Сіз қазақсыз, орысша білмейсіз, сізді біз киноға ала алмаймыз, істей алмайсыз. Әйел адамға бұл жарамайды, бұған ер адам керек», - деді. Намысым қайралып, ауылға барып істей бердім.

     Рәпия апа кейіннен Жамбыл қаласында техникумда оқып, куәлік алады. Содан 36 жыл осы салада еңбек етіп, КСРО кинематография саласының үздігі болды. Көпшіліктің құрметіне бөленіп, «Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері» атағына ие болды.

           http://www.inform.kz/kaz/article/2878934

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті