Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Фристайлшы Жанбота Алдабергенова Еуропа Кубогында топ жарды

09.03.2016

Фристайлшы Жанбота Алдабергенова Еуропа Кубогында топ жарды

07-03-2016-aldabergenova

        Фристайлдан Швейцарияның Айроло қаласында өткен Еуропа Кубогында қазақстандық спортшы Жанбота Алдабергенова топ жарды. Бұл туралы Шаңғы спорты халықаралық федерациясының ресми сайты – fis-ski.com-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.

      Отандасымыз 152,95 ұпай жиып, алдына жан салмады. Ал 149,70 ұпай еншілеген белорус қызы Ханна Хуськова күміс медальді мойнына тақты. Оның отандасы Александра Романовская 149,17 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

     Айта кетейік, осы сайысқа қатысқан тағы бір қазақстандық Жібек Арапбаева 122,3 ұпай жинап, 8-орынға табан тіреді. Аталған жарыста барлығы 12 спортшы бақ сынағанын атап өткен жөн.

       Еламан Қоңыр.

       Дерек: fis-ski.com. Сурет: facebook.com.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті