Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Елбасы Әбілсейт Айхановтың туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

09.03.2016

Елбасы Әбілсейт Айхановтың туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

07-03-2016-paluan 01

  

     Мемлекет басшысы даңқты палуан, еркін күрестің майталманы Әбілсейіт Айхановтың қайтыс болуына байланысты марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. 

       Президент аты аңызға айналған палуан Әбілсейіт Айхановтың Қазақстан халқының мақтанышы болғанын атай отырып, көңіл айтты.

       «Ол бұрынғы Кеңес Одағының ауқымында ғана емес, көптеген халықаралық жарыстарда жеңімпаз атану арқылы зор жетістіктерге қол жеткізген аса үлкен дарын иесі еді. Әбілсейіт Айханов өз жеңістері арқылы халқымыздың рухын көтеріп, жастардың спорттың осы түрімен айналысуына ықпал етті. Көптеген жас оған еліктеп саламатты өмір салтын ұстануға, қажырлы, қайратты болып өсуге талпынды. Білікті бапкер ретінде де көптеген даңқты спортшыларды тәрбиелеп, өсірді. Спорттағы жетістіктері үшін құрметті атақтар мен марапаттарға ие болды», – делінген жеделхатта.

     Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Әбілсейіт Айхановтың есімі мен еңбегін қазақстандықтар ұмытпайтынын атап өтті.

    Қазақтың атақты палуаны Әбілсейіт Айханов 78 жасқа қараған шағында 6 наурыз қайтыс болған болатын. Әбілсейіт Рүстемұлы Айханов 1938 жылы 15 сәуірде Алматы облысында (бұрынғы Талдықорған облысы) туған. Еркін күрестен ауыр және жартылай ауыр салмақта белдескен ол 1958-1969 жылдар аралығында Қазақстан чемпионатын 11 рет жеңіп алды. Сондай-ақ, КСРО халықтары спартакиадасының және КСРО чемпионы (1963 ж.), КСРО Кубогының иегері (1970 ж.). 1958 жылы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған палуан 1968 жылы КСРО-ның «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

     1963 жылы Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын бітірген Әбілсейіт Айханов Қазақстанда спорт саласының дамуына да өлшеусіз үлес қосқан маман. Дене тәрбиесі теориясының профессоры шәкірт тәрбиелеуде де өзіндік із қалдырды.

     Әлемнің 50-ден астам елінде оның құрметіне КСРО гимні шырқалды. Сондай-ақ, Айхановтың есімі үш дүркін Олимпиада чемпионы Александр Медведьті жеңген палуан ретінде де тарихта жазулы тұр.

     Дерек: egemen.kz. Сурет: facebook.com.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті