09.03.2016
Дүниежүзі қазақтары қауымдасты мен Еуразия ғылыми зерттеу институты енді ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыратын болды
Алматыда 9 наурыз күні Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Невзат Шимшек пен оның орынбасары Айдарбек Әнуарбекұлын қабылдады.
Н.Шимшектің айтуынша, бұл институт Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Алматыдағы филиалы болып табылады. Оның мақсаты – экономика, қаржы, энергетика, халықаралық қатынастар, қауіпсіздік, көлік, технология, білім беру, өнер, тіл, дін, философия, әлеуметтану, саясат, тарих, археология және экология саласы бойынша халықаралық деңгейде тынымал ғылыми-зерттеу орталығы болу. Міндеті – жалпы Еуразия аймағына, оның ішінде түркі тілдес мемлекеттер мен қауымдастықтарға қатысты тың зерттеулер жүргізу және стратегиялық ұсыныстар әзірлеу.
Кездесу барысында тараптар өз мақсат-міндеттеріне сай алдағы уақытта ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға уағдаласты. Бұл шаралар енді алдағы уақытыта арнайы келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын болды. Т.Мамашұлы құрметті мейманға Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы 2015 жылы жарыққа шығарған «Казахская диаспора и репатриация (1991-2012) деп аталатын ғылыми монография мен «Туған тіл» альманағын тарту етті.
|
|||
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті |