Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | 14 мыңнан астам Қазақстан азаматы шетелде дауыс бередi

09.03.2016

14 мыңнан астам Қазақстан азаматы шетелде дауыс бередi

     14 мыңнан астам Қазақстан азаматы шетелде дауыс бередi. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесi Ләззат Сүлеймен ОСК брифингi барысында мәлiмдедi, деп хабарлайды Baq.kz. 

     ҚР ОСК мүшесi Ләззат Сүлеймен БАҚ өкілдерін 2016 жылғы 20 наурызда партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауда дауыс беру жалпы алғанда 9 840 сайлау учаскесінде өтетіндігі туралы ақпараттандырды. «Дауыс беру күні Қазақстаннан тыс жерде болатын азаматтар да өздерінің сайлауға қатысу құқығын іске асыра алады. Ол үшін шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасы өкілдіктерінің жанында Сыртқы істер министрлігінің аумағындағы сайлау округіне қатысты сайлау учаскелері құрылады», - дедi Л.Сүлеймен.
    ОСК мүшесiнiң айтуынша, Сайлау заңнамасына сәйкес шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасы өкілдіктерінің жанындағы сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдеріне тиісті шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзімді іссапарда жүрген және Республика азаматының төлқұжаты бар барлық азаматтар енгізіледі. Сонымен қатар, еліміздің шет мемлекеттерде жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарларда жүрген азаматтары, учаскелік сайлау комиссиясына жүгінiп, Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты болған жағдайда сайлаушылар тізімдеріне енгізіледі.
     «2016 жылғы 4 наурыздағы жағдай бойынша түрлі шет мемлекеттердегі консулдық есепке Қазақстан Республикасының 14 мыңнан астам азаматы қойылған. 51 шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасы өкілдіктерінің жанында 65 сайлау учаскесі құрылды. Олардың iшiнде 25 учаске Азия елдерінде, 4 – Оңтүстік және Солтүстік Америкада, 1 – Африкада, 20 – Еуропада, 15 – ТМД-да орналасқан», - дедi Л.Сүлеймен.
ОСК мүшесiнiң айтуынша, шетелдік учаскелерде Қазақстан Республикасының азаматтары партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауда ғана дауыс бере алады. Сондай-ақ, сайлау учаскелерi шет мемлекеттiң жергiлiктi уақыты бойынша жұмыс iстейтiн болады.    

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті