Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Тәттімбеттің 200 жылдығы Түркияда аталып өтеді

09.03.2016

Тәттімбеттің 200 жылдығы Түркияда аталып өтеді

    Үстіміздегі жылдың 10-13 наурыз күндерінде қазақтың көрнекті сазгері Тәттімбет Қазанғапұлының 200 жылдығына орай Анкара, Ескишехир, Амасия және Болу қалаларында бірқатар мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл туралы ТҮРКСОЙ-дың баспасөз қызметі хабарлады.

    Қали Байжанов атындағы концерт бірлестігі Тәттімбет атындағы академиялық ұлт аспаптар оркестрінің және Әзербайжанның, Қырғыз Республикасының, Түркияның белгілі өнерпаздарының қатысуымен «Қазақстан мен Түркия достығы» атты концерттер береді.  Оркестрдің көркемдік  жетекшісі және бас дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дүйсен Үкібай. Екі бауырлас ел арасындағы қарым-қатынастардың нығая түсуіне  үлес қосатын айтулы мерекелі шараға Түркияның Ұлы Мәжіліс депутаттары, қала губернаторлары мен мэрлері, дипломатиялық мекемелердің өкілдері, түрік зиялылары мен өнерсүйер қауым қатысады.

   Шара ұйымдастырушылары - Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы, Қазақстанның Түркиядағы елшілігі және Қарағанды облысының әкімдігі.

     http://www.inform.kz/kaz/article/2879110

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті