Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Жас футболшылар Бразилияға оқуға кетті

10.03.2016

Жас футболшылар Бразилияға оқуға кетті

    Еліміздің 2000 жылы туған жас футболшылары Бразилия Федеративті Республикасының «Крузейро» футбол клубының академиясына оқуға кетті. 
     Футболшылардың қасында екі жаттықтырушы бар. Олар жастардың оқуын қадағалап, жаттығуларына қатысып отырады. Жастар екінші семестрді оқып, екі жылдан кейін елге қайтып келеді. Академиядағы оқу Белу-Оризонти қаласында болады. Бұл - елімізден Оңтүстік Америка еліне оқуға кеткен жас футболшылардың үшінші толқыны. Алғаш рет жастарымыз 2009 жылы Бразилияға барып, «Оле Бразил» жобасы бойынша екі жыл теңбіл доп өнерімен сусындап қайтқан болатын.

        Жас футболшыларды Бразилияға шығарып салу рәсімі Алматыда өтті. Онда Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Сейділда Байшақов, жастарды жаттықтырған маман Қайрат Биекенов пен жобаның кураторы Болат Жуасбаев сөз сөйлеп, Бразилияға аттанған футболшыларға сәт сапар тіледі.

           Дерек көзі: egemen.kz 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті