Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Алматы қаласының 1000 жылдығы» логотипінің жеңімпазы 1 млн теңге алды

10.03.2016

«Алматы қаласының 1000 жылдығы» логотипінің жеңімпазы 1 млн теңге алды

      «Алматы қаласының 1000 жылдығы» логотипінің жеңімпазы анықталды. Байқауға қатысқан 123  жұмыстың ішінен «PilotComm» жарнама агенттігінің жұмысы үздік деп танылды.

     Бұл логотип енді қаладағы барлық белгілі нысандарда ілініп тұрады. Жеңімпаз 1 млн. теңге көлемінде сыйлық алды.

    Алматының 1000 жылдығы туралы үздік концептуалды жоба қаладағы өткізілетін барлық мерейтойлық шаралардың символикасы ретінде қоғамдық көліктерде, аялдамаларда, мейманханалар мен кəдесый жасауда пайдаланылатын болады.

     «Логотип - қиын өнердің бір түрі. Кішкене ғана бейнеге көп мағына сыйғызу оңай емес. Мына шығармашылық топтың 1000 деген жазуды тау бейнесінде келтіруі, Алматы сөзін ежелгі түркі жазуына ұқсатып жазуы, Алматының символын алманы бір жағынан  жүрекке, екінші жағынан күнге ұқсатуы өте сәтті шыққан», - деді қазылар алқасының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Байтұрсын Омарбеков.

      «Тарихшылар арасында Алматының жасына қатысты дау көп. Кейбірі оны əскери бекіністің қалыптасуымен байланыстырады. Кейін келе тарихшылар  Алматының тарихы тереңде жатқанын айтып жатыр. Қазір табылған археологиялық, нумизматикалық зерттеулер осыны растап жатыр. Белгілі болғандай, 9 ғасырда мұнда үлкен қала болған. Ол тарихи экономикалық жағынан да маңызы зор қала болған»,- деді Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты директорының орынбасары  Нұрлан Атығаев.

     Айта кету керек, ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-ші сессиясының шешімімен Алматы қаласының 1000 жылдығын мерекелеу ЮНЕСКО-ның 2016 жылғы мерейтойлық және атаулы күндер күнтізбесіне ресми енгізілді. Осыған байланысты Алматы қаласының мәдениет басқармасы «Алматы қаласының 1000 жылдығы» логотипінің үздік жобасына ашық конкурс жариялаған еді.

      Қаланың мыңжылдығына арналған үздік логотип конкурсында Алматының мәдени-тарихи мұралары мен дәстүрлері, табиғи, қала салу ерекшеліктері және заманауи даму үрдістері ескерілуі тиіс болатын.

        http://www.inform.kz/kaz/article/2879554

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті