Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Нью-Йоркте БҰҰ штаб-пәтерінде қазақ асханасының фестивалі сәтті өтуде

10.03.2016

Нью-Йоркте БҰҰ штаб-пәтерінде қазақ асханасының фестивалі сәтті өтуде

        

     2016 жылғы 1-11 наурыз аралығында Нью-Йоркте БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақ асханасының фестивалі  өтуде.

      Қазақстаннан бес үздік бас аспаз Нью-Йоркке қазақ асханасының дәмді тағамдарын, тәттілері мен сусындарын таныстыруға барды. Олар Қазақ асханасы мен Орталық Азия халықтарының тағамдарын дайындауға маманданған Астанадағы жоғары деңгейдегі мейрамханалардың ас мәзірін ұсынады. 

      Фестивальдың ашылуына БҰҰ Бас Ассамблеясының Президенті Могенс Люккетофта, БҰҰ комитеттерінің басшылығы, Ұйым Хатшылығының қызметкерлері, БҰҰ мүше елдердің тұрақты өкілдері қатысты.

        Ашылу барысында қонақтарға ұлттық асхана тағамдарынан басқа қазақ мәдениеті, өнері, тұрмыс мәні т.б. дәстүрлерімен танысу мүмкіндігі болды.

     Кеште қазақ авторларының, композиторларының музыкалық туындылары мен әндері орындалды.

       Шара қонақтарын қарсы алған БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Әбдірахманов қатысушыларды қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлеріне қызығушылық танытқандары үшін алғыс айтты. Қазақстаның тағам мәдениеті ғасырлар бойы қалыптасты. Ұлы Даланың, ондағы халықтың дәмді, тағамдық ерекшеліктері ұсынылуда. Бұл ежелгі Жібек жолы елдері тұрғындарының гастрономиялық ас мәзіріне бай көшпенділердің тағам мәдениетінің көрінісі.

       Фестиваль  апта бойы БҰҰ-да қонақтар қабылдайды. Күнделікті ас мәзіріне - салқын тағам ретінде ет, балық, түрлі салаттар, қарын, ыстық тағам - ет, қуырдақ, қой еті, палау, манты, бауырсақ, самса, сусындар -  айран, қымыз, шұбат және т.б. ұсынылды. Десертке жент, қоспа, чак-чак, құрт, ірімшік т.б. болды.

      Астың дәмін татқан  қонақтар тағамдарға жоғары баға беруде.

     Фестиваль БҰҰ үлкен делегация залында өтуде. Ол адам басына 30 доллар төлеммен швед үстелі форматында ұйымдастырылған.  БҰҰ-дағы асхана үшін баға жоғары болса да, мұнда келушілер саны жетіп асады. Үш күнде қазақ асханасынан 700-ден астам адам дәм татты.

       http://www.inform.kz/kaz/article/2879516

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті