Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Шымкентте Наурыз мерекесіне орай айтыс өтеді

14.03.2016

Шымкентте Наурыз мерекесіне орай айтыс өтеді

       Шымкентте Наурыз мерекесіне орай аламан айтыс өтеді. Наурыздың 18 жұлдызында қалада дәстүрлi Наурыз-айтыс ұйымдастырылмақ. 

         Мәдениет басқармасы ұйымдастыратын айтысты облыс әкімдігі де қолдап отыр. Қазақтың қазынасына айналған жыр додасы Қазақстанның тәуелсiздiгiнiң – 25, Мәделiқожа Жүсiпқожаұлының – 200 және Қазанғап Байболұлының 125 жылдығына арналады.

      Оңтүстіктің төрінде өтетін республикалық айтысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен суырып салма ақындар келеді деп күтілуде. Олардың арасында Қостанай облысынан Айбек Қалиев, Павлодардан Аспанбек Шұғатаев, Қарағандыдан Мақсат Аханов, Астанадан келетін Еркебұлан Қайназаровтар бар.

      Ал жергілікті жыр шеберлерінен Жарқынбек Наушабеков, Анар Жаппарқұлова, Нұрлан Есенқұлов, Қалижан Бiлдашев, Бiржан Байтуов, Дәурен Ақсақалов, Қажымұқан Абзалов секілді елге белгiлi жыр дүлділдері қатысады деп күтiлуде. Айтысты Жүрсiн Ерман жүргізеді. Басталуы — сағат 11:00-де, Түркiстан сарайында. 

     otyrar.kz

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті