Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Әлихантану жаңа бір құнды еңбекпен толықты

14.03.2016

Әлихантану жаңа бір құнды еңбекпен толықты

   Алматыда Сұлтан Хан Аққұлының құрастыруымен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «Әлихан Бөкейхан» атты кітабы жарық көрді. «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры шығарған бұл еңбектің 1-бөлімі «Әлиханның идеялары, мақсаттары, өмірі мен қызметінің кезеңдері»-не арналған. 2-бөлімі «Алаш-қазақ мемлекетін қайта құру, қалпына келтіру», 3-бөлімі «Алаш тарихы: сұхбаттар, әңгімелер, дөңгелек үстелдер», 4-бөлімі «Қазақтың соңғы ханы Кенесары және Әлихан», 5-бөлімі «Әлихан туралы беймәлім фактілер мен мәліметтер», 6-бөлімі «Әлихан – ғұлама ғалым әрі публицист» деп аталады.  Онда 1999-2016 жылдар аралығында мерзімді басылымдар, әдеби-қоғамдық және ғылыми журналдарда жарық көрген зерттеулер, мақалалар, сұхбаттар мен дөңгелек үстел жиындарының материалдары қамтылған.

    Жинақ БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) тарапынан «шынайы әлемдік даңқты қайраткер» деп танылған Әлихан Нұрмұхамедұлының (1866-1937) туғанына 150 жыл толуына арналып баспаға ұсынылған болатын. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті