Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Наурыз мейрамында Астанада 70-тен астам шара өткізіледі

14.03.2016

Наурыз мейрамында Астанада 70-тен астам шара өткізіледі

    

     Наурыз мейрамы аясында Астанада 70 астам шара өткізу жоспарланған. Бұл бүгін елорда әкімдігіндегі аппарат отырысында айтылды. 

       Биыл демалыс және мереке күндері наурыздың 19-нан 23-не дейін жалғасады. Сондықтан, елордалықтардың демалысына және қоғамдық қауіпсіздікке баса назар аударылатын болады. Қалада Наурыз мейрамы 14 жерде аталып өтіледі. Басты шара 21 наурызда «Сарыарқа» республикалық велотрегінде ұйымдастырылады. Сондай-ақ, «Астана Арена» стадионының алдындағы алаңда халықтық серуен өтіп, Этноаул ашылады. 

       Аталған мейрамға орайластырылған шаралар «Қазақ елі» және «Бәйтерек» монументтерінің алдындағы алаңдарда, Қалалық алаңда, «Студенттік» және «Жерұйық» парктерінде де өтеді. Мерекелік бағдарлама аясында концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар өткізіліп, киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар орнатылады, ұлттық тағамдар ұсынылады.

     «Бағдарлама қанық әрі қызықты болуы тиіс, әр адам өзінің бұл іске ортақ екендігін сезінуі керек. Бұл ретте барлық қалалық қызметтер күшейтілген режімде жұмыс істеуі қажет», - деді елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков.    

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті