Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Түркістан өлкесінің куәгерлері» деп аталатын кітап жарық көрді

14.03.2016

«Түркістан өлкесінің куәгерлері» деп аталатын кітап жарық көрді

    Өзбекстандағы Қазақстан Елшісінің кеңесшісі Наурыз Айдаровтың «Очевидцы о Туркестанском крае» деп аталатын жаңа кітабы жарық көрді. Бұл ғылыми еңбектің алғысөзін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев жазған.        

    Автор бұл кітабында Түркістан өлкесінің тарихы туралы құнды деректер арқылы оның кешегісі мен бүгінгісіне шолу жасайды. Қазақ пен өзбектің қарым-қатынасына ой жүгіртіп, оны жан-жақты талдайды. Қазіргі Орталық Азия аумағына адамдардың алғаш рет ерте палеолит  дәуірінде қоныстана бастағанын айтып, ондағы халықтар мен олардың мемлекеттеріне көз жүгіртеді. Мәдени, экономикалық және саяси байланыстарының шежіресін парақтап, ортақ құндылықтарының бүгіні мен болашағына назар аудартады. Сол себепті «Түркістан өлкесінің куәгерлері» тарихшы, мәдениеттанушы, әлеуметтанушы мен саясаттанушылар сияқты ғылым мен білім саласындағы мамандар мен зерттеушілер ғана емес, Түркістан өлкесі тақырыбына қызығушылықпен қарайтын барлық оқырманға арналған.

        Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті