Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақстан Моңғолиядан алтынды шикізат ретінде сатып алуға ниетті

15.03.2016

Қазақстан Моңғолиядан алтынды шикізат ретінде сатып алуға ниетті

  

     Қазақстан тарапы Иранның алтынын өндіру көлемін арттырып, Моңғолия құнды металлдарын өндіруге ниетті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытының директоры Мейрамғали Тілеужанов мәлім етті.

      «Қазіргі кезде Иранмен тиісті жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Бұл елден алтын Қазақстанға жеткізілді және оны өндіріп, шығарып жатырмыз. Яғни, осы алтында Ираннан шикізат ретінде сатып алудамыз. Атап айтқанда, бүгінде құнды металдарды шикізат ретінде шетелге сатпаймыз. Бұл ретте керісінше шикізатты шет мемлекеттерден Қазақстанға тасымалдауды пысықтап жатырмыз», - деді М. Тілеужанов.

     Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан тарапы биылғы мамырда Моңғолияда өтетін саммитке дайындалып жатыр. Осы орайда аталған елдің алтынын шикізат ретінде сатып алып, елімізде өндіру жоспары бар.

     «Ресейде 11 аффинаж зауыты бар. Бүгінде біз солармен бәсекеге түсіп отырмыз. Біздің зауыт өнімдерінің сапасы жақсы болғаннан кейін және экономикалық тұрғыда тиімді болғанын ескеріп, ресейлік «Полиметалл» компаниясы өз алтындарын  бізге алып келіп, биылдан бастап тағы да аффинаж  жүргізбек. Ресейден екі тоннаны алып келеміз. Сондықтан алдымыздағы мақсат - тек Қазақстанның ғана алтынын ғана емес, сонымен қатар әлем елдерінен шикізатты сатып алып, өзімізде өндіру және ҚР Ұлттық банкін алтынмен қамтамасыз ету», - деді ол.

      http://www.inform.kz/kaz/article/2881006  

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті