Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қызылордада «Әжем айтқан ертегі» байқауы өтті

16.03.2016

Қызылордада «Әжем айтқан ертегі» байқауы өтті

       Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамының қарсаңыда Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Әжем айтқан ертегі» атты облыстық байқау өтті, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

      Халқымыздың салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған облыстық байқауға Қызылорда қаласы мен облыс аудандарынан барлығы 11 топ қатысып, өзара бақ сынады.

     Байқаудың ережесі бойынша сайысқа жасы 50-ден жоғары әжелер мен 6-13 жас аралығындағы немерелер қатысты. 
    4 бөлімнен тұратын байқауға ҚР Мәдениет қайраткері режиссер, ақын, сценарист Оңталап Нұрмаханов, педагогика ғылымдарының докторы, балалар ақыны Рахат Наурызбаева, республикаға белгілі айтыскер ақын Мұхтар Ниязов қазылық жасады.

    Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Қызылорда қалалық мәдениет Үйіне қарасты М.Ерәлиева атындағы мәдениет үйінің атынан қатысқан Жүсіпбекова Айткүл мен немерелері Оралхан Бекзатұлы, Әлиева Назым жеңіп алды.

null null null null null null null null null null null 

 

     Автор: Елубай Әуезов

       http://www.inform.kz/kaz/article/2881404в







Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті