Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда «Алтын сақа» балалар спектакльдері фестивалі болады

16.03.2016

Алматыда «Алтын сақа» балалар спектакльдері фестивалі болады

    Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында тұңғыш рет «Алтын сақа» атты балалар спектакльдері фестивалі ұйымдастырылып отыр. Театрдың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында ол Ұлыстың ұлы күні мен Халықаралық театр күніне орайластырылуда.

     «Бала тәрбиесі – бұл ата-аналардың ерекше азаматтық борышы» деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай бала тәрбиесі қашанда маңызды міндеттеріміздің бірі болып табылады. Ал, ертегінің театр қойылымдары арқылы сахнада көрініс табуы – жас ұрпаққа рухани, патриоттық тәрбие беруде маңызы орасан., алғаш рет «Алтын сақа» атты балалар спектакльдерінің фестивалі ұйымдастырылып отыр. Фестивальде Байділдә Қалтаев атындағы «Ең үздік ер адам бейнесі үшін», Аққағаз Мәмбетова атындағы «Ең үздік әйел бейнесі үшін», Қасым Жәкібаев атындағы «Ең үздік қосалқы рөлдегі ер адам бейнесі үшін», Әминә Өмірзақова атындағы «Ең үздік қосалқы рөлдегі әйел бейнесі үшін», «Ең үздік эпизодтық рөл»,  «Эпизодтық рөлдегі актерлық шеберлігі үшін», «Көрермендер көзайымы», «Ең үздік дебют» аталымдары бойынша марапаттау рәсімі өткізіледі. Жүлделерді  қазылар алқасы мүшелері мен арнайы шақыртылған қонақтар табыстайды. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті