Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматы қаласында «Ол» моноспектаклі алғаш рет қойылады

16.03.2016

Алматы қаласында «Ол» моноспектаклі алғаш рет қойылады

16-03-2016 ol 2

      Бүгін Алматы қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Ермек Аманшаевтың «Үзілген бесік жыры» психологиялық драмасы желісімен қойылған «Ол» моноспектаклінің тұсаукесері өтеді. Бұл туралы Ғабит Мүсірепов атындағы театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.

     Қойылымның көркемдік-идеялық мақсаты – қазіргі әлеуметтік қоғамға сай саналы ұрпақ, салиқалы тұлға қалыптастыру. Бұл спектакльдің көрерменге рухани азық беруде маңызы зор болады деп күтіледі.

        Режиссер Ерлан Кәрібаевтың трактовкасы бойынша жеке адамның тағдыры арқылы бүгінгі өмірдегі әлеуметтік қайшылықты көрсетеді. Басты рөлдегі актер Данияр Базарқұлов. Кейіпкердің өмірден өз орнын іздеген философиялық толғанысын, шынайы шындықтың құпиясын жан-жақты қарастыруға ұмтылған іштей тартысы кімді болмасын ойландырары анық.

     Қазір аталған театрдың белді актерлерінің біріне айналған Данияр Базарқұов Орал қаласындағы Қазақ драма театрынан Алматыға ауысқанына жеті жылдан асты.

      Актердің осы театрдағы «Қара шекпен» спектакліндегі Тұзары – басты рөлдерінің бірі болса, 23 жасында Ромео мен Калигуланы ойнауға қол жеткізген дарын иесінің шығармашылық қоржынында үлкенді-кішілі 45 рөл бар. Отандық кинематографияда да ізі басталды. Ал физиологиялық тұрғыдан да, психологиялық жағынан ауыр Тұзарды ол өз деңгейіне жеткізе ойнап жүрген талант иесі.

        Ақпарат пен техника құралдарының дамыған заманында адам жанының құнсыздануы қазіргі кезде басты мәселеге айналып отыр. «Ол» мноспектаклі осы туралы.

       Айнаш Есали.

     Дерек, сурет: Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының баспасөз қызметі.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті