Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | 5000 литр Наурыз көже мен 7 тонна бауырсақ дайындалады

17.03.2016

5000 литр Наурыз көже мен 7 тонна бауырсақ дайындалады

      «Ақтөбе ақпарат» орталығында журналистермен жүздескен Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Маржан Қорғанбаева биылғы Наурыз мейрамын өткізудің бағдарламасына шолу жасады. Оның айтуынша, осы аптадан бастап әр күн аясында атаулы түрде шаралар өткізілуде. Мәселен, көрісуге жалғасып, «Жайнау», одан кейін «Шеберлік» орын алды. Негізгі мерекелік іс-шаралар 21-22 наурызда өткізіледі, деп хабараладй Ақтөбе газеті. 

       Ақтөбе қаласында және оған қарасты ауылдық округтерде жаппай халықтық серуендер ұйымдастырылады, алпыстай киіз үй тігіліп, олардың маңына алтыбақандар орнатылады.
        Халықтық серуендер Қобыланды батыр атындағы орталық стадион, «Мега Ақтөбе» сауда-ойын-сауық кешені алаңдарында, Пушкин атындағы және «Ретро» саябақтарында өтеді. Бұл жерлерде мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылады, ұлттық салт-дәстүрлер көрсетіліп, түрлі ойындар, конкурстар жұртшылық назарына ұсынылады. Бұл шаралар 21 наурызға белгіленген.
      Ал 22 наурызда сағат он бірден бастап ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта Наурыз тойы дабылы қағылады. Қаланың көрнекті жерлерінде 21 наурызда өткен шаралар бұл күні де жалғасын табады. Сондай-ақ Тұрғындар қалашығы аумағында «Металлургтер» мәдениет үйі ән мен күйдің көрігін қыздырмақшы.
       Ғазиза Жұбанова көшесінен 11-шағын ауданға дейінгі Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы Президент саябағы ауданында қала кәсіпорындары ең үлкен ауылды жасақтап, 25 сәнді киіз үй шаңырағын көтереді.
      «Ең үздік киіз үй», сондай-ақ «Ақ босағаның алтын діңгегі» атты әжелердің, «Паһ, шіркін, қазақтың келіндері-ай» атауымен жас келіндердің байқауы өткізіледі. «Ай-керім» айдарымен шашы ұзын қыздарымыз көрік салыстырады. Батагөйлер ақ батамен айналаға шуақ шашса, жас жігіттер «Ұлы даланың тарланы» сайысында сынға түседі.
Ақтөбеліктер мен қала қонақтарына дәм татқызу үшін мейрамханалар мен кафелер 5 мың литр Наурыз көже мен 7 тонна бауырсақ әзірлейді.
      Наурыз күнгі іс-шаралардың барлығы да ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен үндесе атқарылады.
    «Шератон» қонақүйі маңайында орнатылған қазақ эпосының көңілді кейіпкерлері бейнесі көпшіліктің қызығушылығын тудырары сөзсіз. Осы жерде жастардың ескерткішке суретке түсуіне болады.

 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті