Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Исатай Тайманұлының көтерлісіне 180 жыл толды

17.03.2016

Исатай Тайманұлының көтерлісіне 180 жыл толды

      1836 жылы 17 наурызда Қарауылқожа Бабажанов Жәңгір ханның бұйрығы бойынша 500 қолмен Исатайды ұстауға шығады. Исатай оған 200 қолмен қарсы аттанып, бетпе-бет келгенде 5 адам (Исатай, Махамбет, Үбі, Есенәлі, Тінәлі) ұран салып, жауын жекпе-жекке шақырады. Қарауылқожа қайтуға мәжбүр болады. Исатай 1836 жылы 17 шілдеде 17 адаммен ел талабын ханға білдіруге бара жатқанда, жолшыбай оған 100 шақты адам қосылады. Исатай Перовскийге, Жәңгірдің өзіне хат жазып, халыққа жасалған қиянатты атап көрсетеді. Оған 600 адам қол қояды. Іс тексерілмеген соң Исатай 1837 жылы 16 қыркүйекте 200 адаммен Қарауылқожаның ауылын шабады. Перовский Исатайды ұстау үшін Покатиловқа басқартып, Жайық казактары отрядын жібереді. Бірақ бұл жорық сәтсіз аяқталады. Қазан айында Исатай 3500-дей қолмен хан ордасынан 12 шақырымдай жерге келіп орналасады. Ордаға бірден шабуыл жасамай, ханмен хат алмасып, екі аптадай өз талаптарының орындалуын күтеді. Осыны пайдаланып Жәңгір Перовскийден жәрдем сұрайды. Ол 15 қарашада Геке басқарған 1200-дей әскер жіберді. Патша әскері көтерілісті басады. Шайқаста Исатайдың ұлы Жақия әйелімен опат болады. әскери қаруы мол күшке төтеп бере алмаған Исатай Махамбет басқарған 40 адаммен Жайықтың шығысына өтіп кетеді. Исатайдың әйелі төрт ұлымен Баймұхаммед сұлтанның қолына түседі. Исатай сұлтан Қайыпқали Есімовты уақытша қолдап, жауды жеңудің жолдарын қарастырады. Одан жартымды ештеңе өнбейді. 1838 жылы (12 шілде) Исатай Баймұхаммед сұлтанның ордасына шабуыл жасамақ болады. Бірақ өзі шайқаста қаза табады.

 

     Қазақ күнтізбесі – 2016: Мешін жылы. /Құрастырған  Н.Оразбек. Алматы: «Қазақстан» баспа үйі», 2015.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті