Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Жансая Әбдімәлік шахмат академиясының филиалы ашылды

17.03.2016

Жансая Әбдімәлік шахмат академиясының филиалы ашылды

    Алматы қаласында 17 наурызда «Жансая Әбдімәлік Шахмат академиясы» филиалының ашылу рәсімі өтті. Ол «Даму» Қоры мен «Capital Bank Kazakhstan» АҚ бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде және «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының және «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубының қолдауымен бұқаралық спортты балалардың арасында дамыту мақсатында жүзеге асырылды. 

     Белгілі қазақстандық шахматшы жасөспірімдерді шахмат ойынына баулудың флагманына айналған Жансая Әбдімәліктің Шахмат академиясы 2014 жылы Алматы қаласында ашылған болатын. Академия қызметі Қазақстанда шахмат спортын дамытуға, онымен айналысып жатқан жеткіншектердің кәсіби деңгейін көтеруге, осы салада сапалы білім беруге бағытталады. Сонымен қатар Академия өз қызметін жүзеге асыру барысында әлеуметтік жобаларды дамытуды қарастырады, соның ішінде:

  1. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды шахмат өнеріне баулу;
  2. Аутизм дертіне шалдыққан балаларға шахмат ойынын үйрету.

    Академия тәрбиеленушілері үшін Қазақстан, Грузия, Украина елдерінің жетекші жаттықтырушылары білім береді. Қазіргі таңда шәкірттер саны 300 адамнан астам, жастары 4-тен бастап жоғары. Олардың көбі республикалық турнирлер мен әлем біріншіліктерінің жеңімпаздары және жүлдегерлері.    

    Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының шахмат федерациясының президенті – Ғалымжан Есенов, «Capital Bank Kazakhstan» АҚ Басқарма төрағасы – Ғани Өзбеков, шахматтан 12 мәрте Әлем чемпионы атанған Анатолий Карпов және әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік қатысты.

Анықтама:

         Жансая Абдімәлік – қазақстандық шахматшы, қыздар арасында төрт мәрте Әлем чемпионы, әйелдер арасында халықаралық шебер және гроссмейстер. 2013 жылдың қорытындысы бойынша FIDE федерациясы Азияның ең үздік шахматшысы деп танылды.  (20 жасқа дейінгі).

     «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ отандық спортты қолдау мен дамытуға жүйелі түрде белсене атсалысады.  Қор әлеуметтік саясатының мақсаттарының бірі – спортты насихаттау және ұлтымыздың денсаулығына үлес қосу болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2012 жылдың желтоқсан айында «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубы құрылды.    

        «Астана» мультиклубы құрамына ең үздік қазақстандық спорт клубтары – әлем деңгейіндегі «Astana Pro Team» кәсіпқой велокомандасы, «Астана» футбол клубы, «Барыс» хоккей клубы, «Астана» баскетбол клубы, «Astana Motorsports» командасы, «Astana Arlans» клубының былғары колғап шеберлері енеді. «Астана» кәсіпқой спорт клубының амбассадорлары да бар, олар: ауыр атлетикадан екі мәрте Олимпиада чемпионы Илья Ильин, және мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті