Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | ҚР Президенті архиві 1930 жылғы ашаршылық құрбандарының мəліметтер базасын жасамақ

18.03.2016

ҚР Президенті архиві 1930 жылғы ашаршылық құрбандарының мəліметтер базасын жасамақ

         ҚР Президенті архиві «Мұрағат жəне қоғам: Тəуелсіздік құндылықтары» шарасы аясында 1930 жылғы ашаршылық құрбандарының мəліметтер базасын жасамақ. Бұл туралы «Ашаршылық» жобасының тұжырымдамасын талқылау барысында белгілі болды. 

      Кездесуге тарихшылар: Талас Омарбеков, Қайдар Алдажұманов, Светлана Смағұлова, Бейбіт Қойшыбаев, Айжамал Құдайбергенова, жазушы Смағұл Елубаев қатысты. 

     Шараның ашылуында сөз сөйлеген ҚР Президенті архивінің директоры Борис Жапаров Қазақстанның тарихын зерттеуде ашаршылық құрбандарының базасын құру басты жұмыс екендігін атап өтті. 
      Жобаны ұйымдастырушылар бұл жұмысты ғалымдар мен тарихшылардың, мұрағатшылардың көмегінсіз жүзеге асыру мүмкін еместігін айтты. 
     «90 жылдары академик Манаш Қозыбаевтың бастамасымен бұл бағытта ұшан-теңіз жұмыс атқарылды. Конференция, дөңгелек үстелдер, ғылыми зерттеу жұмыстары жасалды. Мұрағат бастамасы қоғам арасында үлкен қолдау туғызары сөзсіз. Өйткені, бұл трагедия барлық қазақты шарпыды. Ғылым саласы да бұған жұмыла атсалысуы керек», -  деді Бейбіт Қойшыбаев. 
     Өз кезегінде жазушы Смағұл Елубаев ашаршылық құрбандарының саны да нақты еместігін айтты. Оның айтуынша, бұл тарихи ақтаңдақтарды қалпына келтіру үшін тек зерттеумен ғана айналыспай, ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнату керек. 
        Айжамал Құдайбергенованың пайымдауынша, ортақ мəліметтер базасы қазақ халқы тарихының зерттелмей қалған ақтаңдақтарын қайта жаңғыртуға септігін тигізбек. Ол үшін тек мемлекеттік емес, жергілікті аудандық мұрағаттарда сақталған құжаттарды зерттеуді де қолға алу керек. 
       Отырысқа қатысушылар «Ашаршылық» жобасын жүзеге асыру үшін арнайы жұмыс тобын құруды ұйғарды. Оған тарихшылар мен мұрағат қызметкерлері енбек.

            http://www.inform.kz/kaz/article/2882428

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті