Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Роза Бердіғалиева туралы естеліктер жарық көрді

18.03.2016

Роза Бердіғалиева туралы естеліктер жарық көрді

     Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында 18 наурызда Роза Бердіғалиева туралы «Я хочу оставить след за собой ...» деп аталатын естеліктер жинағының тұсаукесері өтті. Ол Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жания Аубакированың қолдауымен жарық көріп отыр.

     Жания Яхияқызының айтуынша, бұл кітап Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Роза Аманғалиқызының 70 жылдығына орай,  2015 жылы   жарық   көруі тиіс еді. Өмірінің 40 жылдан астам уақытын кітапхана саласына арналған Р.Бердіғалиева оны көре алмай кетті. Көзқарастар мен толғаныстар кітабы болуға тиіс бұл еңбек енді естелікке айналып отыр. Роза Аманғалиқызы өмірінің соңғы 2 жылын консерваторияда өткізген болатын.   

      Жалпы бұл естеліктер жинағына Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев, «Туран» университетінің ректоры Рахман Алшанов, академик Ғарифолла Есім, философия ғылымдарының докторы Амангелді Айталы, ақын Бақытжан Қанапиянов пен түрлі деңгейдегі кітапхана мамандарының естеліктері топтастырылып отыр.      

    Тұсаукесер шарасы аясында ҚР Ұлттық кітапханасының «Роза Бердіғалиева  әлем таныған кітапханашы» атты көрмесі ұйымдастырылды. Онда майталман кітапханашының ерен еңбегі мен өмір жолынан мағлұмат беретін түрлі баспа материалдары топтастырылған.

     Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті