Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Наурыз мерекесін атап өтті

19.03.2016

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Наурыз мерекесін атап өтті

     Алматыдағы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы үйінде 19-наурызда дәстүр бойынша Наурыз мерекесі өтті. Қайта жалғасын тапқанына биыл 25 жыл толып отырған бұл Ұлыстың ұлы күнін атап өтуге қауымдастық ұжымы мен бірқатар қонақтар қатысты. Жиналған қауым арнайы әзірленген Наурыз көжеден  дәм татып, мерекелік дастархан басында ән шырқап, күй тартып, бір-біріне ізгі тілектер айтты.        

     Тарихи тамыры өте ерте дәуірден басталған бұл мереке Қазақстанда кеңестік дәуірде діни деп саналып, жарты ғасырдан астам уақыт тойланбай қалған болатын. Ал әлемнің түкпір-түкпірінде жүрген қазақ диаспоросы  әлі күнге дейін үзбей, жыл сайын атап өтіп келе жатыр. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевтың айтуынша, Наурыз мерекесін тойлауды биыл 13 наурыз күні Қырғызстан  қазақтары бастады. Қазір бұл мерекені шет елдердегі өзге қандастарымыз ары қарай жалғастыруда. Оны ұлттық-мәдени орталық жетекшілері мен белсенділерінің құттықтаулары мен мерекені бірге атап өту туралы жіберген шақыру хаттарынан да айқын аңғаруға болады. Алдағы жылы дүниежүзі қазақтарының 5-құрылтайын өткізгелі отырған қауымдастық дайындық жұмыстарын қазірдің өзінде бастап кетті. Жалпы 2016 жыл Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемдегі  қазақ диаспорасы үшін де ерекше жыл болып отыр. Еліміздің көші-қон саясатында және заңнамасы бірқатар жаңа өзгерістер жасалды. 

    Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті