Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Түркияда шығатын журнал бір санын Олжас Сүлейменовке арнады

28.03.2016

Түркияда шығатын журнал бір санын Олжас Сүлейменовке арнады

 
        Түркиядағы Еуразия Жазушылар қауымдастығының ай сайын шығаратын «Кардеш Калемлер» атты көркем әдеби журналының биылғы жылдың 3-ші саны қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовке арналды. Бұл туралы ТҮРКСОЙ ұйымының баспасөз қызметі хабарлады.

     Журналға ақынның өлеңдері мен сұхбаттары, Елбасы Н.Назарбаевтың, Қазақстанның Түркиядағы елшісі Ж.Түймебаевтың, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Д.Қасейіновтың, Еуразия Жазушылар қауымдастығының төрағасы Я.Омароғлының және тағы басқа түрік ғалымдарының мақалалары енді.

      Материалдарды жинақтап, түрік тіліне аударған Қазақстанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі, аудармашы-жазушы Мәлік Отарбаев. Ақынның өлеңдерін түрік тіліне тәржімалаған белгілі әзербайжан ақыны Мәмет Ысмайыл.

       Бұдан бұрын «Кардеш Калемлер» журналы қазақтың ақтаңгер ақыны Сүйінбай Аронұлына, ақын Қасым Аманжоловқа, жазушы Бердібек Соқпақбаевқа, жазушы Шерхан Мұртазаға бірнеше санын арнаған болатын. 

       http://www.inform.kz/kaz/article/2885864

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті