Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы «Нұр отан» партиясын сайлаудағы жеңісімен құттықтады

28.03.2016

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы «Нұр отан» партиясын сайлаудағы жеңісімен құттықтады

фото Рафхата Халелова (136)

      
         Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы әлем қазақтарының атынан Елбасын және барша нұр­отандықтарды 20 наурызда өткен сайлауда «Нұр Отан» партиясының жарқын жеңіске жетуімен құт­тықтайды.

      Шетелдерде тұратын қандастарымыз тарихи атамекеніндегі саяси науқанға көз тігіп, ел бо­лашағына елеңдеп отырды.

      Елбасының сан жылғы сындарлы саясаты кезекті рет халықтың қолдауына ие болып, «Нұр Отан» партиясының жарқын жеңіске жетуін зор ықыласпен қабыл алды.

      Бұл сайлау – әлем қазақтарының көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ­станның алдына қойған барлық стратегиялық мақ­саттар мен міндеттерді жүзеге асыру жолында маңызды тарихи оқиға.

      Осынау сындарлы сәтте әрбір қазақстандықтың дауыс беруге белсене қатысқаны қоғамымыздың жоғары конституциялық патриотизмін танытты.

      Ел аумағынан тыс жерлерде ұйымдастырылған сайлау учаскелері туған жерінен жырақта жүрген мыңдаған қазақстандыққа елдің саяси өмірінен тыс қалмай, болашағын айқындауға атсалысуға мүмкіндік берді.

     Біз, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, ха­лықтың сенім мандатына ие болған өзге де партияларды жетістігімен құттықтаймыз.

       Жаңадан сайланған көппартиялы Парламент «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыруда мемлекетімізге қуатты құқықтық тірек болатынына сенім білдіреміз.

     Талғат МАМАШЕВ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының орынбасары.

        http://egemen.kz/2016/03/22/30692

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті