Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Олимпиада чемпионы Наурыз мерекесімен құттықтады

28.03.2016

Олимпиада чемпионы Наурыз мерекесімен құттықтады

23-03-2016 olimpiada

    

   Алматыда 22-наурызда Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедов «Астана» алаңында 28-ші бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің мерекеге арнайы тіккен киіз үйде қонақ болып, қазақстандықтарды мерекемен құттықтады. 

        «Универсиада – студенттер спортындағы ең үлкен дода. Барлық мемлекеттерден спортшылар жиналып, жоғары деңгейде медальдарға таласуы – жарыстың ең үлкен қызығы. Алматыдағы Универсиада – баршамыз үшін үлкен мереке. Универсиада ойындары спорттық мансаптың ары қарай дамуына үлкен серпіліс беретін мүмкіндік. Осы додаға қатысатын барлық спортшыларға сәттілік, жеңіс әрі жақсы нәтиже көрсетуін тілеймін», – деді Универсиада чемпионы Әлжан Жармұхамедов.

      Әлжан Жармұхамедов – кеңес кезеңінің спортшысы, баскетболшы, оның қоржынында халықаралық жарыстардың жүлделері бар. Елеулі жетістіктері – 1970 жылғы Италиядағы Универсиада алтыны мен 1972 жылы Мюнхен Олимпиадасы. Әлжан Жармұхамедов Универсиада ойындарында жеңіске жеткен тұңғыш қазақ спортшысы. Қазіргі уақытта ол Мәскеу қаласының тұрғыны.

       Наурыз мерекесінде алаңда 2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші қысқы Универсиаданың мерекелік киіз үйі тұрғызылды және алдағы дода жайлы басты ақпараттар және кәде-сыйлар да қойылды.

         http://egemen.kz/2016/03/23/30849 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті