Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Теңіз деңгейінен 1052 метр биіктікте Наурыз мерекесі атап өтілді

28.03.2016

Теңіз деңгейінен 1052 метр биіктікте Наурыз мерекесі атап өтілді

23-03-2016 almaty 3

       Теңіз деңгейінен 1052 метрбиіктікте орналасқан әйгілі «Алматы» шипажайында 22 наурызда ұлыстың ұлы күні  тойланды. Алдағы жылы пайдалануға берілгеніне 50 жыл толғалы отырған бұл мекеме бастапқыда аурухана ретінде салынған көрінеді. 

23-03-2016 almaty 5           1967 жылы құрылысы бітіп пайдалануға берер кезде, тұсауын кесуге арнайы шақырылған Дінмұхамед Қонаев: «бұл ауруханадан гөрі шипажайға көбірек келеді екен. Табиғаты көркем жерде орналасқан бұл нысан енді шипажай болсын» деп батасын берген көрінеді. Оны Наурыз мерекесі кезінде қариялар еске түсіріп, бұл демалыс орнының әйгілі қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлының  ізі қалған тарихи жер екенін айтты.       

23-03-2016 almaty 2

            Мерекелік шара шипажай қызметкерлерінің флеш-мобымен басталып, О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің көрмесі мен спорттық жарыстарға және өнер шеберлерінің концертіне ұласты.

23-03-2016 almaty 6         
     Емделушілер мен мерекені тамашалауға жиналған халық одан кейін дастархан басына отырып, Наурыз көжеден дәм татты. Сондай-ақ жаңадан ашылған «Құрмет аллеясына»  Асанәлі Әшімов, Ескендір Хасанғалиев, Алтынбек Қоразбаев, Роза Рымбаева, Жеңіс Ысқақова, Құрманғазы атындағы Академиялық халық аспаптар оркестрі өкілдері мен «МузАРТ» тобы және Олимпиада чемипионы Ермахан Ибраимов өз шыршаларын отырғызды.

23-03-2016 almaty 7

23-03-2016 almaty 8

    Ерлік Ержанұлы 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті